Мемлекет басшысының жарлықтарымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Ал Әлібек Әсетұлы Бақаев еліміздің Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болғандықтан бұрынғы атқарған қызметінен босатылды. Сондай-ақ Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстанның Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.