Елордада «Әйел дауысы - ұлт күші» республикалық сайлауалды форумы өтті. Оны Жалпыұлттық социал-демократиялық партия ұйымдастырды. Гендерлік саясат, әйелдер құқықтарын қорғау мен қоғамдық-саяси рөлі талқылаудың негізгі өзегіне айналды. Форумға партия атынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар, сарапшылар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Спикерлер әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және жаңа бастамалар жайында пікірін ортаға салды. Айта кетейік, Құрылтай депутаттығына тіркелген 545 кандидаттың 172-сі - әйел. Бұл үміткерлердің жалпы санының үштен біріне жуығын құрайды.
Раушан Әубәкірова, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
-Біздің Конституциямызға қарасақ, бізде барлық заңдар әйелдер мен ер кісілерге бірдей. Сондықтан әйел кісілерге мүмкіндіктер туып жатыр. Қаншама директор, бас дәрігерлер, депутаттар, министрлер бар әйел кісілер. Біз әйелдер арнайы артықшылық сұрамаймыз, біз тек қана тең мүмкіндік, құқық пен әділдікті сұраймыз. Соған байланысты бүгін сөз қозғалып жатыр.