Мәжіліс депутаттары мемлекеттік жәрдемақыға қатысты заң жобасын әзірледі
Айталық 8 балаға 85 мың, 10 балаға 106 мың, 15 балаға 159 мың теңге төленеді. Мәжіліс депутаттары ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын қарауға алды. Алайда бұл заң әдеттегідей Үкімет тарапынан түскен жоқ. Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленіп отыр. Өзгерістер елімізде 8 және одан да көп балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыны саралауға қатысты.
Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Әділетті болуы үшін бір топ депутат заңға өзгерістер енгізді. Ол заң бойынша 8 баладан бастап және одан жоғары балалары бар отбасыға әр балаға 4 АЕК көлемінде жәрдемақы тағайындалатын болады. Ол 10 600 теңге, 8-9-ыншы әр балаға көбейіп отыратын болады. Біз бұл норманы осы жылдың 1 қаңтарынан енгіземіз деп ұсындық.