Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентін қабылдады
Бұл қаржылық ұйым Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің ірі экономикалық жобаларын несиелендірумен айналысады. Сондықтан коронавирус індетінің жаһандық экономикаға тигізер әсеріне банк басшысының көңілі алаңдаулы. Қасым-Жомарт Тоқаевпен осы жайында да әңгіме болды. Ол қазақ Президентінің 1 жыл ішіндегі саяси және экономикалық реформаларын жоғары бағалап отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Сізбен кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Соңғы рет былтыр жазда жүздесіп едік. Сол уақыттан бері әлемдік экономика мен саясатта біраз өзгеріс болды. Қазір жаһан жұртын коронавирус алаңдатып отыр. Оның зияны экономикаға да әсер етіп отыр. Осы мәселеге қатысты сіздің пікіріңізді білгім келеді.
Сума Чакрабарти, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті:
- Сіздің біліміңіз бен халықаралық қатынастардағы мол тәжірибеңіз еліңіздің дамуына елеулі үлес қосады. Біз сіздің барлық бастамаларыңызды қолдаймыз, Президент ретінде бір жылда атқарған табысты жұмыстарыңызға ризашылық білдіреміз.