Президент Түркістан облысының әкімін қабылдады
Экономикадағы өсім 105 процентке жетті. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығында да оң көрсеткіштер байқалады. Өңірге тартылған инвестиция көлемі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 66 процентке жетіп, құрылыс қарқыны 65 процентке артқан.
Облыс әкімі Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы да айтты. Мырзакент ауылында 386 тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл үйлердің жартысы бюджет есебінен, қалғаны демеушілердің қаражатына салынды.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы эпидем ахуалды бақылауды тапсырды. Сондай-ақ сайлауалды науқанның ашық әрі заңды түрде жүргізілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.