Елдегі Мәжіліс сайлауына алты саяси партия қатысатын болды
Партиялар Мәжіліс сайлауына түсетін әрбір кандидаты үшін 637 мың теңге жарна төлеуі тиіс. Бірақ бұған дейінгі сайлауда 7% көп дауыс жинаған төрт партия бұл төлемнен босатылады. Олар – Nur Otan, «Ақ жол», «Қазақстанның демократиялық партиясы» мен «Қазақстанның коммунистік халық партиясы». Сондай-ақ Мәжіліс сайлауына қатысатын партиялар өңірлердегі мәслихат депутаттығына да кандидаттар ұсынуға құқы бар. Тек «Бірлік» саяси партиясының мүшелері Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы мәслихат сайлауына қатыса алмайды. Өйткені партияның бұл өңірде филиалдары тіркелмеген.
Асылбек Смағұлов, ҚР ОСК мүшесі:
- 2020 жылдың 10 қарашасынан 4 желтоқсанға дейін осы кандидаттардың тізімін ұсыну жүгізіледі. Егер партия осы кезең аралығында Шымкент қаласында өз филиалын ашып үлгеретін болса, олардың мәслихат сайлауына қатысуға рұқсат алуына мүмкіндік бар.