Қазақстандықтар жасанды органикалық өнімдерден қорғалатын болады
Елімізде химиялық пестицидтер, тыңайтқыштар мен синтетикалық дәрумендер қолданбай, органикалық өнім өндірушілерге субсидия беріледі. Мәжіліс тиісті заңды екінші оқылымда мақұлдап, Сенат қарауына жіберді. Құжатта тұтынушылардың құқықтары мен халықтың денсаулығын қорғауға басымдық берілген.
Елімізде бұл сала қарқынды дамып келеді. Халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша химиялық тыңайтқыштардың әлемдік нарығы 10 млрд еуродан асады.
Қазақстан органикалық өнімдер экспорты бойынша алғашқы ондықта. Мемлекет енді сәйкестік сертификат құнының 50%-ін өтеп, субсидиялауды көздеп отыр.
Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Қазіргі уақытта органикалық өнімдер сұранысқа ие болғандықтан, заңдарды қабылдау саланың дамуына оң әсер етеді. Жергілікті органикалық өнім нарығын дамытуға негіз болады және сыртқы нарықтардағы экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді деп санаймыз.