Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев А.Есімовты қабылдады
Кеңес барысында отандық өндірушілерді пандемия кезеңінде қолдау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар «Самұрық-Қазынаны» инвестициялық холдингке айналдыру жайы әңгімеге арқау болды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
– Екі мәселе де өте қажет, керекті. Енді қордың табысын көбейтетін уақыт келді. Ол үшін қор инвестициялық жұмысқа көшуі керек. Условия, в которых мы проводим сегодняшнее заседание весьма непростые, нарастает конкуренция, противостояние между крупнейшими странами. Экономика Казахстана будет находиться под большим давлением, и вместе с тем, это возможность провести необходимые реформы для построения новой экономической модели, переход к новой модели развития, основанной на доминирующей роли частного сектора с низким участием государства, потребовать изменения на всех уровнях, в том числе, не затронута деятельность флагмана нашей экономики, фонда национального благосостояния «Самрук-Казына».
Елбасы дағдарыс жағдайында Үкімет отандық бизнесті қорғау үшін теңдессіз шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. Төтенше жағдай кезеңінде тұрғындар мен кәсіпкерлікті қолдау мақсатында және экономикалық тұрақтылықты сақтап қалу үшін дағдарысқа қарсы шаралардың үш пакеті қабылданды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
– В период ЧП приняты три пакета антикризисных мер по поддержке населения и бизнеса, по сохранению экономической устойчивости. Но пандемия не отступает. Прогнозируется её второй этап. В этих условиях, как я отмечал ранее, важно поддержать наших предпринимателей.
Ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев қор басшылығының қызметіне оң бағасын берді.
Ахмежан Есімов, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасы:
– 2018 жылы қорды басқару кеңес отырысында "Самұрық-Қазынаның" 2028 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданған. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес стратегияда басты бағыттардың бірі болып компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін және қор активтерін ұлғайту мақсаттары бекітілді.