Партия мүшелері Каспийдің экологиялық ахуалына алаңдаушылық білдірді
Партия мүшелері табиғат жанашырлары және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірлесіп, қоршаған ортаның ластануы мен оны шешу жолдарын талқылады. Каспийге мұнайдың төгілуі, қоқысқа толуы және заңсыз балық аулаудың жиілеуі теңіздің ластануына әкеп соғып отыр. Аймақтағы тағы бір өзекті мәселе – Ақтаудан 5-6 шақырым жердегі «Қошқар ата» қалдықтар қоймасы.
Роза Махамбетова, ҚКХП Маңғыстау филиалының бірінші хатшысы:
– Үшінші мәселе – біздің қаланың іргесіндегі Қошқар ата көлі, оның радиациялық себептері және қазір 1989 жылдан бері тоқтап тұрған ХГМЗ сияқты зауыттардың ағынды сулары көлге түспесе де қазір экологиялық проблемалары өте үлкен қауіп төндіруде. Жалпы тұрғындарға қоршаған ортаға қаупі өте орасан. Осы мәселелерді талқылап, өзіміздің халықтық депутаттар арқылы Үкіметке жеткізу негізгі мақсатымыз.