Жемқорларға қатаң жаза керек
Онсыз парақорлықтың алдын алу мүмкін емес. Бірақ Қазақстан Коммунистік халық партиясы мүшелерінің пікірінше, біздегі заң әлі де әлсіз. Оған статистика дәлел. Парамен ұсталғандар саны былтырғымен салыстырғанда 11 процентке өскен. Пара бергендер мен делдалдық жасағандардың қатары да азаймай отыр. «Сондықтан фракция мүшелері жең ұшынан жалғасқандар қатар жазалануы тиіс», – дейді.
Нұрдәулет Оразханов, ҚКХП қалалық комитетінің бірінші хатшысы:
– Парақорлықпен сотталған сотталушы мемлекет алдындағы қарызын толығымен төлесе, оның жазасын өтеуді жеңілдетіп, қоныс колониясына ауыстырады. Мұндай жеңілдіктер парақорларға болмау керек, шартты түрде босап шықпау керек. Толық мерзімде жазасын өтеу керек.