Тариф неге өсе береді?
Қостанайда Қазақстанның халықтық коммунистік партиясының бастамасымен осы тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Басқосуға арнайы шақырылған монополист компания өкілдері келмеді. Тек тарифтің қандай негізге сүйеніп жасалатаны жайлы ресми құжаттар жіберіпті. Партия өкілдері енді осы құжаттарға сүйене отырып, сараптама жасап, өз ұсыныстарын Үкіметке жолдауды жоспарлап отыр.
Владимир Скуридин, ҚХКП облыстық комитетінің екінші хатшысы:
– Коммунистер осы тақырыпты жыл сайын көтеріп келеді. Тариф бағасы неге өсе береді? Тәуелсіздік алған жылдар ішінде коммуналдық төлемдер бағасы ешқашан арзандаған емес. Неге олай? Міне, осыған назар аудару қажет.