Партиялар кандидаттарды ұсыну кезеңін сәтті өткізді
Осы күні барлығы өз үміткерлерін іріктеп, тіркеп те қойды. Арасында жасы да, жасамысы да бар. Сақа саясаткерлер де жүр. Жастар мен әйелдерге мол сенім артылып отыр. Көптеген сарапшы алдағы дода тартысқа толы болады деп топшылайды.
Асхат Садырбай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:
- Бағдарламаларымен таныстық. Үміткерлермен де танысып жатырмыз. Олардың ішінде елге кеңінен танымал тұлғалар бар. Мықты қоғам белсенділері де ол тізімге кірді. Сондықтан халық та, біз де оларға үлкен үміт артамыз.