Ауыл әйелдерін кәсіпкерлікке баулу көзделіп отыр
Содан болар ауыл мен қала арасындағы алшақтық 2,7 есеге ұлғайыпты. Қазақстан ауыл әйелдерінің үшінші республикалық форумында осындай мәліметтер айтылды. Енді ауыл ахуалын арттыру үшін «Ауыл» партиясы мен «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» арасында меморандумға қол қойылды.
Келісімге сәйкес, ұйым мүшелері әйелдердің басындағы базынасын жоғарыға жеткізіп әрі оның шешілу жолдарын ұсынып отырады. Жалпы статистика бойынша елімізде 4 млнға жуық әйел ауылда тұрады екен. Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйенсек, елді мекендердегі әрбір оныншы отбасы қарттардың зейнетақысына және балаларының жәрдемақысына күн көреді. Сол үшін әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға басымдық берілмек. Мәселен, бүгінгі форумда 20 әйел әлеуметік жоба аясында грант иегері атанды. Олардың әрқайсысына 4 мың АҚШ доллары берілді.
Асхат Сүлейменов, Жасыл экономиканы қолдау коалициясының атқарушы директоры:
– Әйелдерге балық емес, қармақ беру – біздің мәселеміз. Сол кезде осы 8 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан біздің жұмыссыз әйелдерге жәрдемдесу бағдарламасы бар. Бүгін, міне, 20 әйел марапатталатын болады. Сонымен бірге 8 жыл ішінде 81 әйел осындай гранттарға қол жеткізді.