Орталық сайлау комиссиясы Nur Otan партиясының кандидаттарын тіркеді
Оның 30 проценттен астамы – әйелдер мен жастар. Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін кандидат Қазақстан Республикасының азаматы болуға, ел аумағында соңғы 10 жылда тұруға және 25 жастан кіші болмауға тиіс. Үміткерлер осы негізгі талаптарға толық сәйкес келген.
Асылбек Смағұлов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
– Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «ҚР Сайлау туралы Заңы» талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адамдар Конституция мен «ҚР Сайлау туралы Заңы» талаптарына сәйкес келеді.