«Ауыл» партиясы саяси дода алдындағы талапты орындады
Партия өкілі үміткерді тіркеу үшін жеке деректерін ұсынды. Енді Орталық сайлау комиссиясының мамандары тиісті органдарға сұрау салу арқылы құжаттардың Конституциялық талапқа сәйкестігін анықтайды.
Айта кетейік, ережеге сәйкес, партиялық тізімдерді ұсыну 10-ы мен 30 қараша аралығында жүзеге асырылуы тиіс.
Ал партиялық тізімдерді тіркеу 10 қарашада басталған. Ол 10 желтоқсан күні сағат 18:00-де аяқталады.