Хабар телеарнасы

Саясаттанушы: Пандемияға қарамастан сайлау уақытында өтеді

Жекелеген тұлғалардың ғана емес, саяси партиялардың да белсенділігін, қоғамдық дамуға деген көзқарасы мен ұстанымдарын көрсетеді. «Мемлекеттің болашақ дамуына айтарлықтай ықпал ететін саяси додаға халық бейжай қарамай, белсенді қатысуы керек», – дейді саясаттанушы Расул Жұмалы.

Расул Жұмалы, саясаттанушы:

- Ең алдымен, сайлаудың уақытында өтетіндігі маңызды. Оған қазір пандемия жағдайында шектеулерге қарамастан теңдей мүмкіндіктерді беріп отырғанын көріп отырмыз. Бір айдың ішінде қаншалықты қадағаланатынын уақыт көрсетер. Бұл енді саяси партиялардың өздерінің белсенділігіне, үгіт-насихат жұмыстарына байланысты. Бірақ белгілі бір дәрежеде қоғамның өзіне де байланысты.