Биыл Қазақстан ЕАЭО-ға төрағалық етеді
Бұл жайында Мемлекет басшысының қабылдауында болған Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты. Сондай-ақ министрдің айтуынша, шикізаттық емес экспорт көлемі артқан. Президент қазақстандық өнімнің экспортқа шығару нарығын кеңейтуді және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды тапсырды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Бақыт Сұлтановқа ұлттық тауар өткізу жүйесін құру, нарықты отандық өніммен толықтыруды тапсырды. Жүйе Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресейдегі көтерме-тарату орталықтары желісінен тұратын еуразиялық тауар өткізу желісінің негізі болуы тиіс.