Хабар телеарнасы

Республика бойынша 10 060 сайлау учаскесі ашылды

Республика бойынша үш қала мен 14 өңірде 10 060 сайлау учаскесі ашылды. Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау құқығына 12 млн-ға жуық адам ие. Шетелдегі отандастарымыз да өз құқығын жүзеге асыра алады. Олар үшін 51 мемлекетте 66 сайлау учаскесі ашылған. ОСК мәліметінше, демалыс үйлері, санаторийлерде, әскери бөлімшелер сияқты арнайы мекемелерде жалпы саны 558 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады.