Хабар телеарнасы

ОРК референдумның алдын ала нәтижелерін жариялады

Орталық референдум комиссиясы кешегі референдумның алдын ала нәтижелерін жариялады. Нақты қорытынды алдағы күндері белгілі болады. Әзірге аралық учаскелерден алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар 12 млн 284 мың 487 адамның 7 млн 820 мың 204-і бюллетень алған, яғни дауыс берген. Бұл – электораттың 63,66%-і. Ал олардың 71,12%-і АЭС салуды қолдаған. Яғни 5 млн 561 мың 937 адам бюллетеньдегі сұраққа «иә» деп жауап берген. Жарамсыз деп есептелген дауыстар да болыпты.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы:

- Жауаптардың екі нұсқасы да таңдалған дауыстарды санау кезінде есепке алынбайтындар саны 82 мың 724 бюллетеньді құрады. Белгіленген үлгідегі дауыс берулердің ерік білдіруін айқындау мүмкін емес және жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны 130 мың 267 бюллетеньді құрады.