Парламент Мәжілісінің ең алғашқы сайлауы 1995 жылдың 9 желтоқсанында өткен
Келесі саяси процесс төрт жылдан кейін өтті. Ол жолы он бірдей партия өкілдері қатысып, бір орынға сегіз адам таласқан болатын. Осыған дейінгі Парламенттің төменгі палатасына сайлау 2016 жылдың 20 наурызында өткен болатын. Онда алты партия белсенділік танытып, олардың үшеуі 7% артық дауыс жинап, заңнамалық орган құрамына енген болатын. Онда депутаттық корпус 60% жаңарған еді.