Елдегі сайлаушылардың 43,9% өз таңдауын жасады
Дауыс берушілердің саны бойынша СҚО алда келе жатыр. Өңірдегі халықтың 58% астамы сайлауға қатысқан. Ірі мегополистер арасында Шымкент қаласының халқы белсенділік танытуда. Қаладағы сайлаушылардың жартысына жуығы түске дейін дауыс беріп үлгерген. Нұр-Сұлтан мен алматылық сайлаушылардың 37 және 21% сайлау учаскелеріне барды. Ал елдегі сайлаушылардың жалпы саны 12 млн-ға жуықтайды.
Ерлан Дауылбаев, ҚР ОСК мүшесі:
- Олардың ішінде Ақмола облысы бойынша 41,3%, Ақтөбе облысы бойынша 41,1%, Алматы облысы бойынша 43%, Атырау облысы бойынша 37,3%, БҚО бойынша 47,5%, Жамбыл облысы бойынша 55,1%, Қарағанды облысы бойынша 51,6%, Қостанай облысы бойынша 49,9%, Қызылорда облысы бойынша 48,7%, Маңғыстау облысы бойынша %, Павлодар облысы бойынша 51,1%.