Биыл Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторийдің мерзімі аяқталады
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үкіметке биылғы қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді.
Мемлекет басшысы жайылымдар мәселесіне де арнайы тоқталды. Бұл жерлер ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керектігін айтты.
«Жергілікті әкімдіктер жұмысты дұрыс ұйымдастырмай отыр. Соның салдарынан, ауыл тұрғындары мал жаятын жайылым таппай қиналуда», – дегенді қосты Президент.
Сонымен қатар бос жатқан жайылымдарды мемлекетке қайтару туралы тапсырма берді: «Жайылымдардың 99% шаруа қожалықтарының иелігінде. Алайда оның 36% ғана мал жайылады. Қалған 46 млн гектар жайылымдық жер бос жатыр. Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп, биылғы жылдың соңына дейін осындай жайылымдарды қайтарып алуды тапсырамын».
Толық ақпарат: Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді