Елбасы Түркия Президентін туған күнімен құттықтады
- Категория: Саясат

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанды телефон арқылы туған күнімен құттықтады.
Тұңғыш Президент бауырлас түрік елінің басшысына зор денсаулық, Түркияның игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Телефонмен әңгіме соңында қос тарап та екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамуына оң баға берді.