Жуырда елімізде инвесторлардың мәселесін шешу жөніндегі фронт-офис құрылады
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелерімен және мұнай-газ компаниялары басшыларымен кездесуде айтты. Мұнай-газ саласы Қазақстанның дамуында маңызды рөл атқарады. Қазір әлемдік сауда мен экономика біртіндеп қалыпқа түсіп келеді. Сондықтан саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруды күн тәртібіне шығару керек.
Пандемияға қарамастан теңіз кенішін кеңейту жобасы кестеге сәйкес іске асып жатыр. «Қазіргі уақытта біз Қашағанды дамытудың ауқымды жоспарының қабылдануын күтіп отырмыз», – деді Президент. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлардан қоршаған ортаны жақсарту мен көміртегі қалдығын азайту жөніндегі бастамаларды күтетінін мәлімдеді.