Елбасы Премьер-Министр Асқар Маминмен кездесті
Оның айтуынша, Үкімет алдында экономиканың 3% артық өсімін қамтамасыз ету міндеті тұр. Асқар Мамин қызмет көрсету секторы қалпына келе бастағанын да жеткізді. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың ойынша, ұлттық экономикаға инвестиция тарту жұмысын жүйелей түсу қажет.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
- Негізгі міндеті – экономиканың 3% жоғары өсуін қамтамасыз ету. Басты драйверлер – экономиканың нақты секторы, өңдеуші сектор, құрылыс, ауыл шаруашылығы. Біз алға қойған міндеттерді орындайтынымызға сенімдіміз. Қаңтар, ақпан айларында жұмыс істедік. Өткен жылмен салыстырғанда нақты сектордың өсімі байқалады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Не істеу керегінің бәрі жоспарымызда бар. Оның үстіне инвестиция аса маңызды. Қазір осымен жұмыс істеу қажет.