Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев Ресей Президенті В. Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Алыс-беріс, барыс-келіс жаман емес, бірақ байланыстарды бекемдей түсу қажет. Қазақстан Президенті әсіресе ұшақ құрастыру, автокөлік жасау, химия индустриясы салаларындағы бірлескен жобаларға көңілі толатынын жеткізді.

Алдағы сәуір айында Қазан қаласында екі мемлекеттің Үкімет басшылары кездесіп, 2021-2025 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасына қол қоймақ. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге «Спутник V» вакцинасының қосымша бөлігін жеткізу жайын сөз етті. Сондай-ақ тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуетін одан әрі арттыру бағытында біріге жұмыс істеуге уағдаласты.