Хабар телеарнасы

Ұлттық Банк төрағасы Президент берген тапсырмалардың орындалу барысы жайында баяндады

Ерболат Досаев Президентке тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану және Ұлттық төлем жүйесін құру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын баяндап берді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Ұлттық Банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.