Ресейдің Сыртқы істер министрі С. Лавров Қазақстан жеріне қатысты арандатушылық мәндегі мәлімдемелерге пікірін айтты
Анығында, Қазақстанмен қарым-қатынасты айқындайтын көшбасшы тұлғалар мұндайға жол бермейді және ешқашан олай болмайды. Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Хабар» Агенттігінің» басқарма төрағасы Ерлан Бекхожинге берген эксклюзивті сұхбатында осылай деп мәлімдеді.
Ерлан Бекхожин, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы:
- Қазақстан мен Ресей арасында достық қарым-қатынас пен стратегиялық серіктестік орнаған. Соған қарамастан Ресейде белгілі бір ортадағы саясаткерлер арандатушылық бағытта мәлімдемелер жасап жүр. Неліктен бұлай болып жатыр? Себебі неде?
Сергей Лавров, РФ Сыртқы істер министрі:
- Саясаткерлер мансабын әртүрлі жолмен жасайды. Сенсациялық мәлімдемеге құмарлары бар. Қоғамда пікір туғызатын жайттарды көтеріп, есте сақталып қалғысы келеді. «Бастысы газеттің алғашқы бетіне шықсақ болды», - дегендей. Бірақ Ресей Федерациясының Қазақстанға деген көзқарасын айқындайтын нағыз көшбасшылар мұндай қадамға бармайды. Ешқашан олай жасамайды. Өйткені ол одақтастығымызға, арада жасалған келісімдерге сай келмейді. Біз бір-біріміздің тәуелсіздігімізді, аумақтық тұтастықтығымыз бен саяси көзқарастарымызды сыйлаймыз. Қарым-қатынасты Мемлекет басшылары қол қойған құжаттар, Парламенттер бекіткен заңдар, халықаралық құқық нормалар негізінде жалғастырамыз. Осындай арандатушылық бағыттағы мәлімдемелер демократияның бір құндылықтарына айналып кетті. Олар тек белгілі бір ортада талқыланып қалуы қажет. Нақты саясатқа келгенде, арандатушылық болмайды деп сендіремін.