Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Бұл жоспар экономиканы тұрақтандырып, бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталады.Соныман қатар Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталды. Соңғы екі аптада ауруханадағы науқас саны 40% азайған. Қазіргі уақытта 6 млн 700 мыңдай адам вакцинаның бірінші компонентін қабылдаса, 5 жарым млн азамат екпені толық алған. Кездесуде азық-түлік бағасын тұрақтандыру жайы мен егін жинау науқаны да талқыланды.
Жиын соңында Президент Үкімет пен аймақ әкімдерінің бірлесе жұмыс істеуі аса маңызды екенін атап өтті.