Депутат LRT ақшасын жымқырғандардың іздеуге берілгеніне күмән келтірді
Демек, олардың іздестіріліп жатқаны күмән тудырады. Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов мән-жайды түсіндіруді талап етіп, Бас прокуратураға сауал жолдады. Қазір LRT ісі бойынша сотта жеті адамның аппеляциясы қаралып жатыр.
Депутаттың айтуынша, қылмыстық істің негізгі фигуранттары – қала әкімінің бұрынғы орынбасары мен «Астана LRT» жобасының экс-басшысының халықаралық іздеуге берілгеніне күмән келтірді. Себебі әлеуметтік желіде олардың отбасы мүшелерінің шетелде бейқам өмір сүріп жатқанын көрсететін жазбалар жиі жарияланады. Мақсат Раманқұлов халықтың ақшасын жымқырғандарды тез арада тауып, жауапқа тартуды талап етті.
Мақсат Раманқұлов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Халықаралық іздеу жариялау тәртібіне сай, Бас прокуратура Интерполдың штаб-пәтеріне өтініш жолдайды. Алайда сотталған жеті адамның адвокаттары қазақстандық прокурорлардың Интерполға берілетін тапсырысты дұрыс рәсімдей алмағанын айтып отыр. Сондықтан қашып кеткен екі адамды ұстау шарасы қолға алынбаған. Шетелге заңсыз шығарылған ақшаны сол ел тәркілеп алуы мүмкін. Ал ол – шенеуніктің меншігі емес, халықтың ақшасы.