Қ. Тоқаев Алтай Көлгіновке бірқатар нақты тапсырма берді
Президентке кезекте тұрған елордалықтарды қолжетімді баспанамен қамту, үш ауысымда оқыту мәселесін шешу, инвестиция тарту, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында күшейтілген кері байланыс туралы баяндалды. Қала әкімінің айтуынша, биыл 10 мың әлеуметтік пәтер салынады. Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы газбен қамтуға, инвестиция тартуға, үлестік құрылысқа қатысты мәселелерді шешуге және жылыту маусымы барысында қазандықтардың үздіксіз жұмыс істеуіне қатысты бірқатар тапсырма берді.