Хабар телеарнасы

Қ. Тоқаев: Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады

1991 жылы дәл осы күні Алматыда ТМД-ның қағидаттары мен мақсаттарын бекіткен Декларацияға қол қойылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттер парақшасында ТМД-ның  әлемдік қоғамдастық мойындаған беделді өңірлік ұйымға айналғаны туралы жазба қалдырды. «Қазақстан ТМД-ны қолдайды және оның жұмысына белсене атсалысады», ­– деп жазды Президент.