Бұл алдын ала жасалған қасақана зұлымдық екені айдан анық – Тоқаев
Тәуелсіздік тарихында ел аса күрделі мерзімге тап болды. Біз мұны ел болып еңсердік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында осылай деді. Президент халық арасында оқиғаға байланысты жалған ақпарат тарап кеткенін айтты. Мұның себебі кейбір азаматтар қате пікірде болса, кейбірі ақпаратты бұрмалап ушықтыра түскенін айтты. Сондай-ақ бұл оқиғаларды мұқият зерттей отырып, бір тізбектің тармақтары екенін айтты. «Бұл алдын ала жасалған қасақана зұлымдық екені айдан анық», – деді Президент.