Үкімет басшысы кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу жұмыстарын тездетуді тапсырды
Оның барысында Үкімет басшысы кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу жұмыстарын тездетуді тапсырды. Елде болған тәртіпсіздіктер кезінде 351 нысан зардап шекті, оларды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет. Оның ішінде 8 өңірдегі 45 мемлекеттік орган ғимараты және 306 коммерциялық нысан бар. Олар Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында. Бизнеске алдын ала келтірілген шығын мөлшері 98,1 млрд теңгені құрайды, оның 97% Алматы қаласында.
Сонымен қатар Премьер-Министр көмір бағасының өсуіне жол бермеудің маңыздылығын атап, бұл мәселені көмір өндіруші компаниялармен пысықтауды, сондай-ақ көмір тасымалдау тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу үшін талдау жүргізуді тапсырды.