Қ. Тоқаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады
Жатақханалары ескірген, оқу корпустарының тозығы жеткен. Қазақ білімінің қара шаңырағындағы түйінді мәселелерді Президентке оның ректоры Жансейіт Түймебаев айтып берді. 2024 жылы оқу орнының құрылғанына 90 жыл толады. Осы мерейтойдың қарсаңында ректор Президенттен университет қалашығын қайта жаңғыртып беруді сұрады, Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау көрсететінін айтты.
Жансейіт Түймебаев, Әл-фараби атындағы ҚазҰУ ректоры:
- Кездесуде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазіргі жай-күйі және даму бағыттары баяндалды. 2024 жылы қазақ білім, ғылымының қара шаңырағы ҚазҰУ 90 жыл толады. Осыған орай дайындық жұмыстары айтылып, Президентіміз университетке байланысты материалдық-техникалық базасын дамытуға, ҚазҰУ қалашығының екінші кезеңін салуға байланысты толық қолдау көрсететінін айтып өтті.