Қызылордалықтар 5 маусымда өтетін референдумға қатысты пікір білдірді
«Сондықтан референдумда таңдау жасау – әр азаматтың парызы», – дейді тұрғындар.
Қазақстандықтардың 78% 5 маусымда өтетін референдумнан хабардар. Осы шамалас адам саяси шараны қолдап отыр. Олардың 69% дауыс беруге баратынын айтса, 21% әлі де екі ойлы екенін жасырмаған. Орталық коммуникациялар қызметі арнайы жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде осындай тұжырымға келіп отыр. Онлайн-сауалнамаға 18 жастан асқан 4 мың респондент қатысқан.
Әлеуметтік сауалнама нәтижесі:
Референдумнан хабардар - 78,52%
Референдумды қолдайды - 72,01%
Дауыс беруге дайын - 68,92%
Дауыс беруге дайын емес - 21,79%
Онлайн-сауалнамаға қатысушылар - 4000