Қ. Тоқаев АҚШ Президенті Д. Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады
«Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне, тілектеспін. Мен Техастықтардың және, барлық отандасыңыздың қайғысына ортақтасамын» – деді Президент.
Еске салсақ, Техас штатындағы мектептердің бірінде болған атыстан 21 адам қаза тапты. Олардың 19-ы – оқушы, біреуі – мұғалім. Тағы ауыр жарақат алған, бірнеше адам ауруханаға жеткізілген.
Оқ жаудырған 18 жастағы Сальвадор Ромасты тәртіп сақшысы оқиға орнында атып тастады. Полицияның мәліметінше, ол мектепке бармас бұрын әжесіне де оқ атқан.
АҚШ президенті Джо Байден құрбандардың туған-туыстарына көңіл айтып, Ақ үй мен өзге де мемлекеттік мекемелердегі туды төмен түсіруді бұйырды.
Жалпы жыл басынан бері АҚШ мектептерінде 27 рет қару қолданылған. Ал Техастағы қайғылы оқиға – мектеп қабырғасындағы ең үлкен, қанды қырғындардың бірі.