Хабар телеарнасы

5 маусымда өтетін референдумға Қытайдағы отандастарымыз да қатыса алады

Бейжіңдегі сайлау учаскесі елорда уақытымен таңғы 05:00-ден кешкі 18:00-ге дейін ашық болады. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты ондағы сақтық шаралары ерекше назарда. Дипломатиялық өкілдіктер ресми сайттары мен әлеуметтік желілеріндегі парақшалары арқылы ел азаматтарына референдум жайлы ақпарат таратып жатыр. Сонымен қатар референдумның барысын бақылау үшін елордаға Шанхай ынтымақтастық ұйымы байқаушыларының миссиясы келеді.

Нұрлан Аққошқаров, Қазақстанның Қытайдағы елшілігі жанындағы сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы:

- Өткен жылдары бізде екі мыңдай Қазақстан азаматының қатысу мүмкіндігі болса, індет салдарынан біраз азаматтың және осында оқып жүрген оқушылардың Қазақстанға қайтуына байланысты Қытайда жүрген азаматтардың саны күрт төмендеді. Биыл біздің есебіміз бойынша 257 учаскенің 95 азаматы тіркелген. Шанхайда 25 азамат, Гонконгта 36 азамат тіркелген.