05:02Эфирде: Телесериал «Соседи 5»
07:00Әрі қарай: «Оян!» бағдарламасы
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Қ. Тоқаев Қырғызстан және Өзбекстан президенттерімен телефон арқылы сөйлесті

  • Категория: Саясат
Қ. Тоқаев Қырғызстан және Өзбекстан президенттерімен телефон арқылы сөйлесті

 

Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтап, дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан елімізге жылы лебізін білдірді.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев көрші мемлекеттің басшысына алғысын айтып, саяси науқанға Қырғызстан бақылаушыларының белсенді қатысқанын атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асырып жатыр.

Ақ жарма ақ тілегін арнағандардың арасында Өзбекстан басшысы да бар. Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа телефон соғып, саяси науқанның сәтті өтуімен құттықтады. Сөзсіз, конституциялық реформалар еліміздің саяси және экономикалық тыныс-тіршілігін жаңғыртуға бағытталған. Осылай деген Қазақстан Президенті Шавкат Мирзиёевқа алғыс айтты. Сондай-ақ екі елдің басшылары қазақ-өзбек арасындағы одақтастықтың дамып келе жатқанына көңілдері толатынына тоқталды. Бірінші тоқсанның көрсеткіші бойынша екі жақтың сауда-саттық көлемі 1 миллиард доллардан асқан.

Сондай-ақ...