Жер қойнауын пайдаланушылар үшін тауарлық газ туралы ереже бекітілуі мүмкін
Бұл туралы Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. Әлихан Смайлов мүдделі мемлекеттік органдарға бұл тәсілдерді ел экономикасына әсерін талдауды тапсырды.
Сондай-ақ жиында мұнай нарығындағы қатысушылар санын арттыру, оның жағдайын жақсарту, қара алтынның биржалық сауда-саттығын енгізу мен мұнай өнімдерін сату көлемін ұлғайту туралы ұсыныстар көтерілді. Бұдан бөлек азаматтық авиация, қоғамдық көлік және қаржылық қызметтер нарықтарын демонополизациялау жөніндегі шаралар қаралды.