ҚР СІМ Өзбекстандағы жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады
Онда көрші мемлекеттің Қазақстан үшін бауырлас, сенімді одақтас және стратегиялық серіктес екені айтылған. Сондықтан біздің ел Өзбекстан Республикасында болған оқиғаларды алаңдаушылықпен қабылдап отыр.
Мәлімдемеде Қазақстан тарапынан Өзбекстан басшылығының жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімдерін қолдап, референдум қарсаңында бейбітшілік пен тыныштық орнайтынына сенім білдірілген. Еліміз көршілермен стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастар туралы құжаттарға сай көпсалалы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бағытына бекем болып қала бермек.