AMANAT съезі 6 қазанда өтеді
Сондай-ақ аманаттықтар партияның жаңа саяси тұғырнамасының жобасын талқылады. Жалпы үш күнде барлық деңгейдегі конференциялар жұмысына 20 мыңнан астам адам қатысты. Еске сала кетейік, 6 қазанда Астана қаласында AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезі өтеді. Партияның Орталық аппараты дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.