«AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын бастады
Апта сайын ұйымдастырылатын шара аясында партиялықтар республика бойынша аумақтарды тазалауға шықты. Олар өзен жағалаулары, орман алқаптары, өндірістік аймақтар мен жол бойын тазартады. Барлығы 475 учаскені қамтиды. Бір күнде акцияға 12 мың адам қатысты. Экологиялық шара аясында Астанада заңсыз қоқыс алаңына айналған аумақ ретке келтірілді.
Дәулет Кәрібек, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы:
- «Таза Қазақстан» бұл бір реттік акция емес. «Таза Қазақстан» идеясының артында жаңа мәдениет жатыр. Бұл жерде көшедегі қоқыс тастаудан бастап, судың ысыраптығы, жалпы айналадағы экологияға тазалықпен қарау секілді үлкен ойлар жатыр. Қазірден бастап елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілігіміздің осы тазалықтан, айналамызға жинақылықпен, дұрыстап қараудан бастауымыз керек.
Сайран Мақұлова, қала тұрғыны:
- Еліміздің табиғатын қорғайық, таза ұстайық. Өзіміз қадірлеп, өзіміз ұстамасақ ол кімге керек? Осындай акция жалғаса берсін. Барлық жерді шашпай, жинап жүрейік дегім келеді.