Президенттің аймақтарға жұмыс сапары Павлодар облысында жалғасты
«Өздеріңізбен жүздесу үшін Ертіс бойына ат басын бұрдым. Бұл өңірге менің ықыласым ерекше екенін білесіздер. Павлодар облысы – еліміздің ең көрікті мекендерінің бірі», – деді Президент. Мемлекет басшысы шын мәнінде, халықтың қолдауы – реформаларды табысты жүзеге асырудың ең басты кепілі екенін атап өтті. Президент Үкіметке аймақты газбен қамту мәселесін шешуді тапсырды. Былқылдақ өзенінің көп жылғы проблемасын көтерді. Өнеркәсіп өндірісінің дамуы экологияға зиянын тигізіп отырғанына назар аударды. Елдегі зиянды қалдықтардың үштен бірі осы өңірге тиесілі. Павлодар облысы елдегі мұнай-химия өнімдерінің үштен бірін, ферроқорытпалардың жартысынан көбін шығарады. Өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспорт көлемі бойынша да алдыңғы орында. Соңғы 3 жылда Павлодардың жалпы өңірлік өнімі 28%-ке өсіп, 3,9 млрд теңгеге жеткен.