Ә.Смайылов Каспий экономикалық форумына қатысты
Үкімет басшысы өңірдің мол табиғи қорлары бар екенін атап өтті. Ынтымақтастықты нығайту жолында Каспий теңізі жағалауындағы елдер арасында тиісті келісім әзірлеу керектігін алға тартты. Отырыста экология мәселесі де назардан тыс қалмады. Сондай-ақ бірегей транзиттік әлеуеті жағынан Каспий теңізі халықаралық сауданы дамытуда маңызды рөл атқаратынын да айтты.
Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрі:
-Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік және Шығыс-Батыс көлік дәліздерінің әлеуетін арттыратын трансшекаралық хабтарды қалыптастыру бойынша үлкен жоспарлары бар. Бұл – «Ақтау» және «Құрық» теңіз порттары, «Қорғас» құрғақ порты, «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы және басқалары.