Еліміздегі жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатыр
Үкімет отырысында сала мамандары осылай деді. Сонымен қатар жиында Қазақстанның электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері қаралды. Бұл салада әсіресе инфрақұрылым ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Өңірлерде электр желілерінің шамамен 65% тозған. Жылу электр орталықтарындағы жабдықтардың да жағдайы сондай. Ал электр қуатына деген сұраныс жыл сайын артуда. Мамандардың есебінше экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін 2035 жылға қарай 10 ГВт астам жаңа энергия қуаты қажет болады.