Әйелдер 61 жастан бастап зейнетке шығады
Сондай-ақ құжатта жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табысты 46 айлық есептік көрсеткіштен 55 дейін ұлғайту ескерілген. Ең төмен базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінен 70% дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120% дейін жеткізу де қарастырылған.
Жәмилә Нұрманбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Заң жобасы шеңберінде қаралатын мәселелер аясының кеңеюін ескере отырып, депутаттар заң жобасының тақырыбын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп өзгерту жөнінде ұсыныс енгізді.