Салтанат Тұрсынбекова Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына барды
Көктайғақ салдарынан машина бірнеше рет апатқа да ұшырай жаздады. 5 сағаттың ішінде Көкшетауға жеткен кандидат облыстық көпбейінді аурухана соғып, қызметкерлермен кездесті. Жиын барысында денсаулық сақтау саласындағы мәселелер талқыланып, кандидаттың сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Бұл емдеу мекемесінде 1,5 мыңға жуық маман еңбек етеді. Ауруханада 700 науқасқа шақталған орын бар.
Салтанат Тұрсынбекова, ҚР Президенттігіне кандидат:
- Осы мекеменің 50 жуық қызметкерлерімен сұхбаттасып, біздің бағдарламада көрсетілген барлық бағыттармен оларды таныстырып, олардың ой-пікірлерін тыңдадық. Әрине, медициналық көмек көрсету деген ол бір етік тігумен немесе көйлек тігумен салыстыруға болмайды. Медициналық көмек көрсету, ем беру деген өте күрделі, жауапкершілігі жоғары қызмет. Сол себепті ол жолда әр түрлі жағдайлар да болып жатады.