Қажыкен ГЭС қызметкерлерімен кездесті
Әуелі облыстық диагностикалық орталықта медицина қызметкерлерімен кездесті. Содан соң «Өскемен Гидро электр станциясына» барды. Ондағы жұмысшыларға бағдарламысының негізгі бөлімдерін түсіндірді. Шара барысында мұндағы мамандар үміткерге шағын экскурсия да жүргізді. «Алғашқы бітірген мамандығым инженер гидротехник» деген кандидат су бөгетінің биігіне де көтерілді.
Айта кетейік, электр энергиясын өндіретін бұл кәсіпорынның қуаттылығы 335 МВт. Биыл компанияның құрылғанына жетпіс жыл.
Олег Изотов, ГЭС техникалық директоры:
- Негізгі міндеті қауіпсіз электр энергиясын өндіру. Біздің тұтушылар Шығыс Қазақастан облысының халқы. Басқару желілері және кәсіпкерлер. Мұнда 140 жуық адам қызмет етеді. Негізгі құрам вахталық жүйеде тәулік бойы өз міндетін атқарады. Жетпіс жылдан бері кәсіподақ бірлестіктері де жұмыс істеп келеді.