Хабар телеарнасы

Тоқаевты қолдау жөніндегі РҚШ Жамбыл облысына барды

Осыдан соң аймақтағы жоғары оқу орындарын аралап, оқытушы-профессорлық құраммен және студент жастармен жүздесті. Шараға 500-ге тарта адам жиылып, кандидат бағдарламасының маңыздылығы түсіндірілді. Елімізде 130-ға жуық этнос тұратын болса, Әулие ата өңірінде 75 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Штаб мүшелері аймақта тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Ерлан Қошанов, республикалық қоғамдық штабтың басшысы:
-Адамдар бір-бірін тыңдаудан, түсінуден қалатын болса, бұл күрделі мәселенің бастауына айналады. Мұның неге әкеліп соғатынын әр түрлі елдердегі жағдайлардан көріп отырмыз. Этникалық тегіне қарамастан, еліміздің әрбір азаматына Конституциямен тең мүмкіндікке кепілдік беріледі. Бұл – болашақта да бұлжымайтын қағида.